Жолаушы қаза болған «Абай» метро бекеті уақытша жабылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы метросында 26 жастағы зағип жігіт рельстерге құлап, қайтыс болды.

метро
Фото: Алматы метрополитені

Алматы метрополитенінің мәліметінше, оқиға 10 желтоқсанда сағат 15:41-де «Абай» станциясында болған. Станция кезекшісі мен машинистің жедел реакциясының арқасында қозғалыс тоқтатылып, жолаушы перронға алынған.

— «Абай» станциясы тергеу әрекеттері аяқталғанға дейін құқық қорғау органдарымен жабылды. Метрополитен штаттық режимде жұмыс істейді. Алайда полиция қызметкерлері тергеу әрекеттері аяқталғанға дейін «Абай» станциясына кіру уақытша жабылатынын, сондай-ақ бұл станцияға пойыздар уақытша тоқтамайтынын атап өтті, — деп хабарлады Алматы метросының әкімшілігі.

Еске салсақ, бүгін Алматы метросында зағип жолаушы рельстерге құлап мерт болғаны хабарланды.

 

Соңғы жаңалықтар