«Жолаушылар тасымалы» АҚ директоры қандай жағдайда билет құны екі есе өсетінін айтты

билет бағасы
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов еліміздегі темір жол билетіне қатысты ахуалға пікір білдірді.

Бүгін Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдері компания басшысынан: «Министр (Көлік министрі) бағыттарға субсидия берілмесе, онда билет бағасы 3 есе қымбаттайтынын айтқан еді. Қазақстанда мұндай қанша бағыт бар?», - деп сұраған еді.

Ол бүгінде жолаушылар тасымалы саласы мемлекет есебінен субсидияланатынын айтты.

«Билет бағасы егер қала маңы қозғалысын алатын болса, онда ол бүгінде шамамен 600-700 теңгеден 3 мың теңгеге дейін болады. Ал, стандартты пойыз бағасы 2,5 мыңнан бастап 20 мың теңгеге жетеді. Егер мемлекет бізге толықтай көмектеспесе, субсидия бермесе, онда билет бағасы барлық бағытта 2 есе қымбаттайды. Бүкіл әлемде жолаушылар тасымалы шығынға батады. Тек Жапонияда ғана халықтың тығыздығына, жерінің шағындығына байланысты табыс табады», - деді Жәнібек Тайжанов.

Соңғы жаңалықтар
telegram