Жолаушы әйел ұшақ бортында босанды

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Симферополь - Мәскеу бағытындағы ұшақ ішінде жолаушы әйел босанды,
None
None

деп хабарлайды «Аэрофлоттың» баспасөз қызметінен. Сәби 10 мың метр биіктікте дүниеге келді.

 Ұшу кезінде жүктіліктің жетінші айында болған әйелде аяқ астынан толғақ басталды, сол кезде әуе кемесінің командирі Александр Кулаков Харьков әуежайына амалсыз қонуға шешімін қабылдады. «Төмендеу кезінде маған баланың дүниеге келгенін хабарлағанда, біз қабылдаған шешіміміздің дұрыс болғанын түсіндік», - деді Кулаков.

 Енді үш баланың анасы атанған 29 жастағы мәскеулік Анастасия Козлованы жолсерік Марина Серебрякова, сондай-ақ жолаушылар арасында болған медбике Софья Ковалева босандырды.

 Жаңадан туған нәрестенің кіндігін Харьковтан келіп жеткен дәрігерлер кесті.

Соңғы жаңалықтар