Жолаушы ұшақ бортында көз жұмды

ВОРОНЕЖ.ТАСС-ҚазАқпарат – Сочи – Мәскеу рейсі бағдарындағы Utair әуе компаниясының ұшағы бортындағы жолаушының қайтыс болуына байланысты Воронеж әуежайына қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне әуежайдың баспасөз хатшысы Наталья Шермина хабарлаған.

Жолаушы ұшақ бортында көз жұмды

«Сочи-Мәскеу бағдарындағы ұшақ Воронеж әуежайына қонды. Бортта жолаушы көз жұмған. Қазір тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Ұшаққа ешкімді кіргізбеуде»,- деп мәлім етті Шермина.

Оның дерегінше, бортта 178 жолаушы болған. Олар әуежайға орналастырылды.

Әуежай өкілінің сөзіне қарағанда, ұшақ мәскеу уақытымен15:34-те қонған. Көз жұмған жолаушы - 60 жастағы ер адам.