09:01, 02 Қазан 2017 | GMT +5
Жолаушы ұшақ қозғалтқышынан шыққан отты видеоға түсіріп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талаканнан Иркутскке ұшып бара жатқан Ан-148 ұшағының жолаушысы оң жақтағы қозғалтқыштан шыққан алауды видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30 қыркүйек күні болған оқиғаның кадрларын YouTube-тан көруге болады.
Ұшақ ұшып шыққан әуежайға сәтті қонған, деп хабарлайды жергілікті «Байкал 24» ақпарат агенттігі.
Видеоның сипаттамасында қозғалтқышта өрт болғаны айтылады. Сондай-ақ, желі қолданушылар бұл жағдайдың помпажбен байланысты болғаны туралы пікір қалдырған.
Жолаушылар резервтік бортпен Иркутскке жеткен.
Арнайы комиссия болған жағдайдың мән-жайын тексеріп жатыр.