Жолаушы вагондары талапқа сай емес тасымалдаушыларға ірі көлемде айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолаушы вагондары талапқа сай болмаған тасымалдаушыларға ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпан айының басында ҚР ИДМ Көлік комитетінің өкілдері Қарағанды-Астана учаскесінде тасымалдаушы «Марал-Нұр» ЖШС-ның №307/308 Астана-Жезқазған және №617/618 Жезқазған-Қызылорда жолаушылар пойыздарының ұлттық стандарттарға сәйкестігіне және келісімшарт талаптарының орындалуына қатысты тексерген. 

«Астана-Жезқазған және Жезқазған-Қызылорда пойыздарын тексеру кезінде ұлттық стандарт талаптары орындалмаған 15 және 5 факті анықталған. Атап айтқанда вагон сыртының талапқа сай болмауы, терезелердің саңылауы, қызмет көрсетуге қатысты ескерту және тағы басқа да мәселелер анықталған. Электронды билет сату сайтында «Анар» стансасы жоқ. Бұл жолаушыларды отырғызу мен түсіруде талапұқа қайшы», - делінген хабарламада.
Тексеру нәтижесі бойынша компанияға 1,5 млн теңге айыппұл салынады. Тексеру актілері тасымалдаушыларға заң бұзушылықтарды жою үшін жіберіледі.
Айта кетерлігі, келісім талаптарын орындау аясында компания 2017 жылы 5 жаңа жолаушылар вагонын сатып алған. Олардың 4-уі қазір Астана-Жезқазған және 1-і Жезқазған - Қызылорда бағытында жүреді.
Көлік комитеті қазіргі уақытта басқа да тасымалдаушылардың вагондарын тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram