Жолаушыға толы автобус жүргізушісі рульді аяғымен басқарған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолаушыларға лықа толы автобус жүргізушісі көлікті жалаң аяғымен басқарған. Оқиға 20 тамызда Красноярскіде орын алды, - деп хабарлады өңір бойынша «Комсомольская правда».
Жүргізуші кептелісте тұрған кезде жалаң аяғымен рульді басқарып, өзі телефонмен сөйлесе бастаған. Әрі жолаушыларға естіртіп балағаттаған.
Қазір құқық қорғау органдары оны жауапкершілікке тарту үшін маршруттық автобустың нөмірін анықтаумен шұғылданып жатыр.