Жолаушылар ағынының артуына байланысты Астана - Алматы-2 бағытында бір рейстік пойыз жіберіледі

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Жолаушылар ағынының артуына байланысты, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы бір рейске Астана - Алматы-2 бағытында №504/503 жолаушылар пойызын жіберуде.

Жолаушылар ағынының артуына байланысты Астана - Алматы-2 бағытында бір рейстік пойыз жіберіледі

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталмыш пойыз Астана станциясынан 5 сәуірде 21.43 сағатта аттанып, Алматы-2 станциясына 6 сәуірде 10:33 сағатта келіп жетеді, делінген хабарламада.

Құрам 19 «Тұлпар-Тальго» вагонынан құралған, оның 15-і «Турист» санатты вагондар, 4-еуі техникалық вагондар.