Жолаушылар автобусы 150 метр биіктіктен шатқалға құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында шағын автобус апатқа ұшырап, 22 адам қаза тапты, деп жазады 24.kz.
None
None

Ақпарат көзінің хабарлауынша, таудағы жолмен келе жатқан жолаушылар көлігі 150 метр биіктіктен шатқалға құлаған. Жалпы Үндістан көлік апатынан көз жұмағандар саны бойынша әлемде көш бастап тұр.

2011 жылы елде жол апатынан 140 мың, ал 2012 жылы 150 мыңнан астам адам ажал құшыпты.

Соңғы жаңалықтар