Жолаушылар автобусы аялдамада тұрған баланы қағып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде кеше кешкі уақытта №3 жолаушылар автобусы «Гагарин бульвары» аялдамасында 10 жастағы баланы қағып кетті.

Жолаушылар автобусы аялдамада тұрған баланы қағып кетті

Зардап шеккен бала Өскемендеге аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасынан хабарлауынша, жарты жыл ішінде аймақта балалардың қатысуымен 77 жол-көлік оқиғасы болған. Оқиға барысында 4 бала қаза тапса, 86 бала жарақат алған.