Жолаушылар құлап бара жатқан ұшақтан секіріп үлгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Lenta.​ru хабарлағандай, жолаушылар мен экипаж аман қалды.

Жолаушылар құлап бара жатқан ұшақтан секіріп үлгерді

Skydive Taupo әуе компаниясы ұшағының апаттық жағдайы Жаңа Зеландияның Солтүстік аралында орналасқан Та­у­по көлінің маңында орын алған. Ұшақ бор­тында 13 адам: алты жолаушы, алты эки­па­ж мүшесі мен ұшақ ко­ман­дирі болған.

Лай­нерде ақаулық шыққан соң барлығы парашютпен қамтамасыз етілді. Sun Herald ақпаратынша, жолаушылар экипаж мүшелерімен жұптасып секірген. Соңғы жұп лайнер құлауға бірнеше секунд қалғанда секірген. Ұшқыш та аман қалып, ол өз бетінше жағалауға жетті.

По­ли­цияның баспасөз хатшысы Ким Перкстің (Kim Perks) айтуынша, жолаушылар мен экипаж мүшелері ме­ди­циналық тексеруден өтті. Ауыр жарақат алғандар болмады.