Жолаушылар пойыздары соқтығысты, мерт болғандар бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда екі жолаушылар пойызы соқтығысуының салдарынан кемінде 1 адам қаза тауып, 70-ке жуық жолаушы жарақат алды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Төтенше оқиға елдің оңтүстік-шығыс жағалауында, Сеулден 200 шақырым жердегі екі станса арасындағы өткелде орын алған.
Ел билігінің мәліметтеріне сәйкес, апат салдарынан 60 жастағы әйел қаза тауып, 65 адам ауруханаға жеткізілген.