Жолаушылар пойызы өртенді: 23 адам ажал құшты
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өрт сенбі күні таңертең Үндістанның оңтүстік бөлігінде жолаушылар пойызы вагонының бірінде тұтанған. Тілсіз жау кем дегенде 23 адамның өмірін жалмаған, тағы тоғыз адам жарақаттанды, деп хабарлады ria.ru
Жалынға орнаған вагонда 72 адам болған, көптеген адамдар аман қалу үшін терезеден секірген.
Өрттің шығу себептері әзірге белгісіз. Қазір тілсіз жау толығымен жойылды, алайда түтіннен өрт сөндірушілерге вагонның ішіне кіру мүмкін болмай отыр.