18:55, 01 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік батысындағы Цинхай провинциясында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Әзірге зардап шеккендер туралы деректер жоқ, деп хабарлайды"Синьхуа" агенттігі.

Жергілікті биліктің мәліметтеріне қарағанда, Циндаодан Сининге бара жатқан нөмірі T373 жолаушылар пойызы жергілікті уақытпен сағат 16:40-та апатқа ұшыраған.