Жолаушылар пойызының 8 вагоны рельстен шығып кетті - ТЖК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызының 3 вагоны аударылған. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жолаушылар пойызының 8 вагоны рельстен шығып кетті - ТЖК

«Қазір тек алдын ала мәлімет бере аламын. Жолаушы пойызының вагондары рельстен шығып кеткен. Оқиға Жамбыл облысының Шу ауданы аумағында болған. 8 вагон рельстен шығып кетіп, оның үшеуі аударылды. Зардап шеккендер туралы ақпараттар келіп жатыр. Пойыз Астанадан Алматыға бара жатқан. Біздің бөлімшелер қазір жолда», - деді Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, апатқа ұшыраған жолаушылар тасымалының №9 «Бәйтерек» пойызы. Аталмыш пойыздың жолаушылары жолай стансаға соққан пойызбен сапарларын жалғастыруда. 

Сондай-ақ, ғаламторда апаттың видеосы жарияланды.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Оқиға орнына Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыс тобы да аттандырылды.