08:08, 27 Тамыз 2015 | GMT +5
Жолаушылар пойызының тепловозы өртенді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қиыр Шығыс көлік прокуратурасы Сахалинде жолаушылар пойызының тепловозы өртенуіне байланысты тексеріс жүргізуде.

Бейсенбі күні шамамен сағат 23:30 Оңтүстік-Сахалинск - Ноглики бағытында жүрген жолаушылар пойызы тепловозының машиналық бөлімі отқа оранды.
Бір сағаттан кейін қызыл жалынды машинист пен оның көмекшісі ауыздықтады. Пойызда 214 жолаушы болған. Олар жапа шеккен жоқ.
Локомотивті ауыстырған соң пойыз әрі қарай жүріп кетті, деп хабарлады interfax.ru.