15:11, 17 Қараша 2011 | GMT +5
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2012 жылы 180-нен астам вагон сатып алуды жоспарлап отыр
ТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2012 жылы 180-нен астам заманауи вагондар сатып алмақшы,
деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Бұл теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдауға деген сұранысты барынша қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Бұрын хабарланғандай, бүгін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның паркі 12 купелік вагонды сатып алды, олардың екеуі штабтық - қол арбадағы мүгедектер мен оларды алып жүретін адамдарға арналған.