17:09, 19 Қараша 2012 | GMT +5
«Жолаушылар тасымалы» АҚ электрондық жолмен сатылатын билеттердің санын 1 миллионға жеткізді
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ электрондық жолмен сатылатын билеттердің санын 1 миллионға жеткізді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің бастығы Тимур Асылхановтың айтуынша, биылғы жылдың басынан бастап 18 қараша аралығында билеттерді электрондық тәсілмен сату 1 миллионға жетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда билеттерді электрондық жолмен сату 13 есеге артқан екен.
Атап айтқанда, жыл сайын аталған бағыттағы көрсеткіштер жоғарылап келе жатыр. Мәселен, 2009 жылы билет сатылымы - 3 738 болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 26 мыңнан асқан, ал 2011 жылы 130 мыңға жуықтады. Биылғы жылы 1 миллиондық деңгейге жетіп отыр.