«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» пойыздарының «Гранд» және «Бизнес» вагондарындағы тарифтерге жеңілдіктер енгізуде

АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ жедел жүретін жолаушылар пойыздарында көрсетілетін қызмет түрлерін жақсарту және оған қол жетімділікті қамтамасыз ету бағытында мақсатты жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» пойыздарының «Гранд» және «Бизнес» вагондарындағы тарифтерге жеңілдіктер енгізуде

2013 жылдың 1 қазанынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2014-2015 жылдарға арналған жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесін енгізуді бастағанға дейін «Гранд» (СВ) және «Бизнес» (купе) тобы вагондарында жеңілдіктер енгізуде: №19/20 «Атырау-Астана», №63/64 «Астана-Семей», №77/78 «Алматы-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана» пойыздарындағы демалыс күндердегі жол ақысы (мереке қарсаңындағы және мереке күндерінен басқа уақытта) жұмыс күндеріндегі тариф деңгейімен бірдей болады.

«Гранд» (СВ) деңгейіндегі «Тұлпар-Тальго» вагонында қосымша санитарлық желімен және жеке душ кабинасымен жабдықталған 5 екі орындық купе бар. «Бизнес» (жеке санитарлық желілері жоқ екі орынды) деңгейіндегі вагондарда, сондай-ақ, «Гранд» вагондардағыдай жолаушыларға қолайлы болу үшін креслолардың шынтақшаларына қайырмалы үстелшелер орнатылады. Әр купе пойыз жолсерігімен байланысуға арналған телефонмен жабдықталған.