«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа жылға қарсаңында Астана мен Алматы арасында қосымша пойыз жүргізетін болды

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2010 жылдың 24 желтоқсаны мен 2011 жылдың 4 қаңтары аралығында Жаңа жыл мерекесінің алдында және мейрам күндері тасымалдау бойынша халық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы мен Астана арасында Алматы-2-Астана бағыты бойынша №35/36 қосымша пойызды жүргізетін болды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа жылға қарсаңында Астана мен Алматы арасында қосымша пойыз жүргізетін болды

Бұл пойыз төмендегі кесте бойынша жүреді:

-2010 жылдың 24, 26, 28 желтоқсан күндері және 2011 жылдың 2 қаңтар күні 20 сағат 54 минутта Алматы-2 вокзалынан аттанады. Астанаға сағат 18.44-те жетеді.

-2010 жылдың 25, 27, 29 желтоқсан күндері және 2011 жылдың 3 қаңтар күні Астана вокзалынан 22 сағат 05 минутта қозғалады. Алматы-2 вокзалына 21 сағат 38 минутта тоқтайды.

Алматы-2-Астана бағытындағы №35/36 пойызы 11 вагоннан тұрады, оның ішінде жеті вагон купе, біреуі СВ-вагон және үш плацкарт.

Бұл пойызды іске қосу арқылы мереке алдында және мереке күндері қосымша 3000-нан астам адамды тасымалдауға мүмкіндік туады.

Сонымен қатар қажеттілік туындаса халық талап еткен бағыттар бойынша жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар жалғанбақ.