«Жолаушылар тасымалы» АҚ жазғы маусымға «Астана-Адлер» халықаралық жолаушылар пойызын шығарды

АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Жазғы демалыс маусымында жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамы 2013 жылғы 2 шілде мен 7 қыркүйек аралығында №483/484 «Астана-Адлер» халықаралық жолаушылар пойызын шығаруды жоспарлап отыр.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жазғы маусымға «Астана-Адлер» халықаралық жолаушылар пойызын шығарды

Құрам 10 купеден және 7 плацкартты вагоннан құралады, оның ішінде ауысымсыз «Қостанай-Адлер», «Павлодар-Адлер» және «Қарағанды-Адлер» вагондары да бар. Пойыз аптасына 2 рет - сейсенбі және сенбі күндері қатынайды. Құрам Тобыл, Орынбор, Самара, Краснодар, Сочи стансылары арқылы өтеді.

Айта кетер жәйт, жазғы маусымда қосымша пойыздарды жіберу - «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол қызметтерін көрсетудің сапасын арттыру аясында атқарып жатқан маңызды бағыттардың бірі.