«Жолаушылар тасымалы» АҚ жазғы уақыт кестесіне Алматы-2 -Симферополь және Астана-Адлер бағытындағы жолаушылар пойыздарын қосты

АСТАНА. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ жазғы уақыт кестесіне Алматы-2 - Симферополь бағытындағы № 469/470 пойызды шығарды. Құрам 10 вагоннан құралады, оның ішінде Ақтөбе- Симферополь және Маңғыстау-Симферополь бағытындағы жолда кідірмейтін вагондар бар.
None
None

Пойыз 2010 жылғы мамырдың 30-ынан қыркүйектің 8-і аралығында аптасына екі рет, жексенбі және сәрсенбі күндері Алматы-2-ден, бейсенбі және жексенбі күндері Симферополь стансысынан жүретін болады.

Алматы-2-ден жүретін уақыты - 10 сағат 07 минут.(Астана уақытымен);

Симферопольге келу уақыты - 05 сағат 56 минут (Мәскеу уақытымен);

Симферопольден жүретін уақыты - 09 сағат 56 минут (Мәскеу уақытымен);

Алматы-2-ге келетін уақыты - 11 сағат 17 минут (Астана уақытымен).

Алматы-2-ден Симферопольге дейін жүретін жалпы уақыты - 94 сағат 55 минут, ал Симферопольден Алматы-2-ге дейін жүретін жалпы уақыты - 94 сағат 21 минут.

Сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана-Адлер бағытындағы №483/484 жолаушылар пойызын қосқанын хабарлайды. Құрам 6 вагоннан құралатын болады, соның ішінде Қостанай-Адлер, Павлодар-Адлер және Қарағанды-Адлер бағытында ауыстырылмай жүретін вагондар бар.

Пойыз 2010 жылғы шілденің 3-і мен тамыздың 31-аралығында, аптасына екі рет, сейсенбі және сенбі күндері Астанадан, жұма және сейсенбі күндері Адлерден жүретін болады.

Астанадан жүретін уақыты - 12 сағат 40 минут (Астана уақытымен);

Адлерге келетін уақыты - 16 сағат 18 минут (Мәскеу уақытымен);

Астанадан Адлерге дейінгі жүретін жалпы уақыты 77 сағат 38 минут, ал Адлерден Астанаға дейін жүретін уақыты - 78 сағат 28 минут.

Соңғы жаңалықтар