«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы жеке агенттіктердің 16 билет кассасын жапты

АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы жолаушыларға жайлы және сапалы қызмет көрсету шаралары аясында билет сату кассаларына бақылауды күшейтті.

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік  қоғамы   жеке агенттіктердің 16 билет  кассасын жапты

Осыған орай 2010 жылдың қазан айында Алматы мен Шымкент вокзалдарының маңында орналасқан жеке агенттіктердің темір жол билеттерін сататын кассаларында тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында жолаушылар құқықтарының бұзылу фактілері анықталды, билет сататын жеке орындар кассалардың жұмысын реттейтін ереженің регламентінде көрсетілген талаптарына сай келмейтіні анықталды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүргізген тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша вокзал алаңында орналасқан 16 жеке кассаларын жабу туралы шешім қабылдады, оның біреуі - Алматыда, 15-і - Шымкентте орналасқан кассалар.

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы билет сататын орындардағы мұндай тексеру жұмыстарын Қазақстанның барлық аймағы бойынша жалғастыруды көздеп отыр.