Жолаушылар үшін қоғамдық көліктердің барлық есіктері ашылатын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыркүйек айында жолаушыларды отырғызу/түсіру үшін елордадағы қоғамдық көліктердің барлық есіктері ашылатын болады, деп хабарлайды astana.kz.
Бұл шара жолаушылар ағынының маусымдық артуына байланысты қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, сараланған тарифті енгізуге байланысты жолаушыларды отырғызу/түсіру тәртібі өзгертілген болатын.
Жолаушыларды тасымалдау ережесінің №1061 83-тармағына сәйкес автокөлік құралына жолаушыларды отырғызу және түсіру мынадай тәртіппен жүреді:
1) шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсіру, одан кейін отырғызу жүргізіледі;
2) екі және одан да көп есікті автобустар жолаушыларды түсіргенде алдыңғы есіктен басқа барлық есіктер арқылы жүргізеді, ал отырғызу алдыңғы есік арқылы.
84. Артқы есік арқылы отырғызу құқығын тек мүгедектер ғана пайдаланады.
85. Кезектен тыс отырғызу құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдалана алады.