Жолаушылар жүгінен 1 тоннадан астам кокаин тәркіленді

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Франция полицейлері Венесуэладан Air France рейсімен шыққан жолаушылар жүгінен кокаиннің рекордты партиясын тәркіледі.

Жолаушылар жүгінен 1 тоннадан астам кокаин тәркіленді

30 шабаданға салынған 1 тоннадан артық есірткіні олар Каракастан Парижге алып өтпек болған.

Франция билік өкілдерінің мәліметтері бойынша, тәркіленген кокаиннің құны 200 миллион. Бұл бұрын-соңды осыншалық көп мөлшерде тәркіленген аса ірі есірткі партиясы.