Жолаушыны соққыға жыққан кондуктор: Автопарк басшысы түсініктеме берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы автопаркінің басшысы жолаушы әйелді соққыға жыққан кондукторға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жолаушыны соққыға жыққан кондуктор: Автопарк басшысы түсініктеме берді

«Жолаушы әйелдің айтуынша, оны мас кондуктор ұрған. Аталған дерекке байланысты жолаушы полицияға арыз жазған сондай-ақ, медициналық сараптама жасады. Енді біз құқық қорғау органдарының  шешімін күтіп отырмыз. Егер дерек расталса, кондуктор жұмыстан босатылады»,- деді  «Green bus» ЖШС басшысы Бауыржан Кулишев.

Сонымен қатар, парк басшысы қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтты.

Айта кету керек, алматылық келіншекті мас кондуктордың соққыға жыққаны туралы жазған болатынбыз.