Жолбарыс Амур мен ешкі Тимур доппен ойнауды үйренді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Приморье сапари-бағындағы достығы жалғасқан ешкі Тимур мен жолбарыс Амур доппен ойнауды үйренді. Бұл туралы 4 қаңтар, дүйсенбі күні LifeNews теларнасына осы бақтың директоры Дмитрий Мезенцев хабарлаған.
"Амур мен Тимур доппен ойнауды өте ұнатады. Тіпті жолбарыс оны жыртып тастаса да ойын жалғаса береді. Тимур допты алып қоюға және тұяқтарымен түрткілеп, айналдыруға тырысады. Сырттан қарағанда жануарлар өзара кім бірінші болып ойнап әрі ұзақ ұстауға бәсекелесетіндей көрінеді",-дейді ол.
«Амур мен Тимурдың ойнауы үшін біз футбол добын әрбір мерекелік күнде, яғни 11 қаңтарға дейін тарту етеміз»,-деп уәде берді Мезенцев.