Жолбарыс атқан браконьер істі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот 2013 жылдың мамыр айында амур жолбарысын атқан браконьерге қатысты шешім шығарды.
Приморье өлкесі прокурорының аға көмекшісі Елена Телегина хабарлағандай, бұл қылмыс үшін сот айыпкерді 1,5 жыл мерзімге түзеу жұмыстарын атқаруды міндеттеді. Алайда бұған дейін жасаған қылмыстарына қатысты шешімге сәйкес ер адам 2,5 жыл қатал режимдегі түзету мекемесінде жазасын өтейді. Сондай-ақ ол жолбарысты өлтіргені үшін федералды бюджетке 726 мың рубль айыппұл төлеуге мәжбүр.
Приморье және Хабаровск өлкелерінің аумағын 500-ге жуық амур жолбарысы мекендейді. Жыл сайын әр түрлі себептермен 30-50 жануар өледі. Негізінен браконьерлердің кесірінен, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.