Жолбарыс баланы шайнап тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның астанасы Делидегі хайуанаттар бағында ақ жолбарыс қоршаудың ішіне абайсызда түсіп кеткен баланы шайнап тастады, деп жазады 24.kz.

Жолбарыс баланы шайнап тастады

Жасөспірімнің жансыз денесін шамамен 10 минуттан кейін қайғылы оқиға орнына келген бақ қызметкерлері әрең босатып алған. Олар жыртқышты шикі етпен алдап, басқа жабық қоршауға қамаған.

Куәгерлердің айтуынша, күтпеген жерден қоршауға құлап түскен бала өзіне тап берген жолбарысқа жанұшыра айқайлап, тас лақтырған. Хайуан оған тікелей шабуыл жасап, мойнынан тістеп, шайнап тастаған. Қазір полиция істің мән-жайын тергеп жатыр.