Жолбарыс иттерді талады
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Приморье аймағының аң аулаушыларды бақылаудың жедел тобы амур жолбарысының елді мекендердің біріндегі иттерді неліктен талағанын анықтап жатыр.
Жануарлар әлемін қорғау нысандары бойынша аймақтық әкімшілік департаментінен хабарлағандай, жолақты жыртқыш 30 қараша күні жергілікті тұрғындарды қорқытқан.
Амур жолбарысы Ресейдің Қызыл кітабына енгізілген. Сирек кездесетін аңның түрі браконьерлердің кесірінен азайып бара жатыр. Қиыр Шығыста қазіргі уақытта шамамен 400 жолбарыс қана қалды, деп хабарлады Росбалт.