Жолбарыс пен ешкінің достығы сафари-бақтың сайтын «істен шығарды»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамзат баласының назарын аударған «Амур» атты жыртқыш жолбарыс пен ешкі «Тимурдың» достығы Приморье сафари-бағының ресми сайтын «істен шығарды», деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

«Біздің сайт сервер хостингтегі жоғары жүктемеге байланысты оқшауландырылды. Қазір оны қалыпқа келтіру мәселесі шешіліп жатыр», делінген сафари-бақтың «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

«ВВС» агенттігінің хабарлауынша, сайт веб-камералар жұмыс істей бастаған соң істен шығып қалған. Бұл камералар арқылы кез келген адам Амур мен Тимурдың өмірін онлайн бақылай алды.

Еске сала кетейік, осыдан бір ай бұрын жолбарыс Амурға азық ретінде жіберілген ешкі бақта онымен бірге мекен етіп кетті.

Күн сайын екеуі серуендеуге бірге шығады. Амур жолбарысы мен ешкі Тимурдың жуырда әлеуметтік желілердегі жеке парақшалары пайда болды.

Соңғы жаңалықтар