Жолбарысты басынған ешкі «таяқ» жеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Приморьелік сафари-саябақтың ең танымал мекендеушілері - жолбарыс Амур мен ешкі Тимур өздеріне тағы назар аудартты.

Жолбарысты басынған ешкі «таяқ» жеді

Сафари-саябағының сайтында «жанжалдың» бейнежазбасы пайда болды. Ойынның қызығына түскен Тимур Амурды сүзгісі келгенде, жыртқыш бірнеше рет ешкіні басынан соғып жіберген, деп жазады russian.rt.

Тимурдың зардап шекпегені атап өтіледі.