13:11, 09 Ақпан 2024 | GMT +5
Жолда қалған 400-ден астам жолаушы пойыздармен тасымалданды
АСТАНА. KAZINFORM – Жолаушылар пойыздары ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған 400-ден астам адамды тасымалдады.

«Қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты осы жылдың 8 ақпанында «Жолаушылар тасымалы» АҚ 400-ден астам жолаушыны эвакуациялауды ұйымдастырды. Бұл күні республикалық маңызы бар автожолдарда шектеулер енгізілді», - делінген аталған компания таратқан ақпаратта.
Компания мәліметінше, жолаушыларды қала маңындағы электр пойыздары мен пойыздар тасымалдады:
- №7501- Ерейментаудан Астанаға дейін;
- №327 - Астана мен Бурабай курортынан Көкшетауға дейін;
- №6830 - Бурабай курортынан Астанаға дейін;
- №43 - Шоқайдан Астанаға дейін;
- №45 - Қарағандыдан Астанаға дейін.