Жолда мысықты қағып кеткен Италия тұрғынына 450 еуро айыппұл салынды

Жергілікті тұрғын сәрсенбі күні таң ата жол талғамайтын көлікпен келе жатып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан мысықты қағып кетті. Жақын аймақта орналастырылған бейнебақылау камерасынан жүргізушінің жаяу жүргіншілер жолына жақындағанда жылдамдықты азайтқанымен мысықтың өтіп кетуіне мүмкіндік беру үшін тоқтамағаны байқалып тұр.
Шалажансар жатқан мысықты полиция қызметкерлері көрген. Алайда, олар жануардың өмірін сақтап қала алмады. Тәртіп сақшылары осы оқиғаның куәгерін тыңдаған соң бейнекамерадағы материалдарды алып, одан көліктің нөмірін айқындайды.
Сол бейнекөрініс бойынша жүргізуші табылды және оған мысықты қағып кетіп, сонымен қатар оған көмек көрсетпегені үшін 413, сондай-ақ оқиғаның жаяу жүргіншілерге арналған жолақ жолдың жанында болуына байланыты 41 еуро айыппұл салынды.