Жолда жүріп бара жатқан көліктен өрт шыққанда не істеу керек

АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ құтқарушылары қозғалыс үстіндегі автокөлік өртенген жағдайда жасалатын іс-қимылды түсіндірді. 

өрт
Фото: ТЖМ
  • үрейленіп, байбалам салмаңыз; 
  • көлікті тоқтатып, қозғалтқышын өшіріңіз;
  • көліктен шығып, жолаушыларды түсіріп, бәрі қауіпсіз қашықтыққа (кемінде 10 метр) кеткеніне көз жеткізіңіз;
  • 112 нөміріне қоңырау шалыңыз;
  • тұтанған өрт шағын және әлі бықсу сатысында болса — өрт сөндіргішті пайдаланып, отты өзіңіз сөндіруге тырысыңыз;
  • егер өрт салонда басталса, терезелер мен есіктерді беталды ашпаңыз. Оттегінің жетіспеушілігінен жалын сөніп, бықси бастауы мүмкін.