Жолдарда білігіне жүктемесі 8 тоннадан асатын көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық жолдарда жалқы білігіне жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚР ККМ мәліметінде хабарланды.
None
None

Бұл шектеу биылғы жылғы 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды ауданы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қолданылады. Осындай шектеу Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған ауданы), Қызылорда және Маңғыстау облыстарында 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында енгізілді. «Мұндай шектеулер жолдарда жыл сайын енгізіліп тұратыны мәлім. Бұл тәжірибе Қазақстанның ауа райына ұқсас елдерде қолданылады. Көктемдегі су тасқыны кезеңінде жол жамылғысының ылғалдануы себебінен автомобиль жолдары ауыр жүкті көлік құралының жүктемесі алдында қорғансыз және оларды қосымша қорғау қажет», - деп атап өтті ҚР ККМ Көлікті бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев.

Соңғы жаңалықтар