Жолдарда көліктердің орташа жылдамдығын өлшейтін болады
АСТАНА. KAZINFORM – 7 жолға автоматты жүйе арқылы орташа жылдамдықты реттеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыстың орташа жылдамдығын бақылайтын автоматтандырылған кешен енгізілді.
Орташа жылдамдық келесі учаскелерде бақыланады:
1. Астана — Щучинск (жылдамдыққа шектеу 140 км/сағ);
2. Астана — Павлодар (жылдамдыққа шектеу 140 км/сағ);
3. Шымкент — Қызылорда (жылдамдыққа шектеу 110 км/сағ);
4. Шымкент — Тараз (жылдамдыққа шектеу 110 км/сағ);
5. Павлодар — Семей — Қалбатау (жылдамдыққа шектеу 100-110 км/сағ);
6. Орал — РФ шекарасы (Саратов) (жылдамдыққа шектеу 100 км/сағ);
7. Павлодар — РФ шекарасы (Омбы) (жылдамдыққа шектеу 100-110 км/сағ).
— Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында және айыппұлдардың алдын алу үшін жылдамдық режимін сақтаңыздар, — делінген хабарламада.
Айта кетелік елде ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алатыны туралы жазған едік.