Жолдардың жабылуына байланысты теміржолшылар күшейтілген жұмыс режіміне көшті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына және автомобиль жолдары мен Астана қаласы әуежайының жабылуына байланысты теміржолшылар күшейтілген жұмыс режімінде жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жолдардың жабылуына байланысты теміржолшылар күшейтілген жұмыс режіміне көшті

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, вокзалдарда тәуліктік кезекшілік құрылып, жолаушылардың діттеген жеріне дер уақытында жетуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Бүгін мындай бағытта қатынайтын пойыздарға билеттер бар:

- Астана-Павлодар (715 орын);

- Павлодар-Астана (410);

- Астана-Қарағанды (2404);

- Қарағанды-Астана (487);

- Астана-Көкшетау (211);

- Көкшетау-Астана (1482).

«Қажет болған жағдайда жолаушылар легі жоғары бағыттарға қосымша вагондар бөлінетін болады», - деді компаниядан.