Жолдау еліміздің еркін дамуға қадам басқанын дәлелдей түсті - кітапхана директоры
АЛМАТЫ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Егемен еліміздің ертеңіне деген сенімділік сезімін бойымызға ұялатып келе жатқан Елбасымыздың ағымдағы жылғы Жолдауы бізге үлкен әсер етті.
Биылғы Жолдауда тәуелсіз мемлекетіміздің экономикалық-әлеуметтік дамуының, саяси тұрақтылығының тұғырын бекітуге бағытталған іс-жоспар айқындалды. Ал бұл әр қазақстандық үшін өте маңызды, - дейді Алматыдағы Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының директоры Жанна Абузарова.
Оның пікірінше, қоғамдық өмірдің әр саласы бойынша басым бағыттарды жүзеге асыру жолдарын айқындаған бұл құжат еліміздің еркін дамуға қадам басқанын дәлелдей түсті. «Өткен жылы жүзеге асырылған «Жол картасы» бағдарламасының қайтарымды болғанын естідік және кітапхана жоспарына салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік мекемелерде және басқа да жерлерде ана тілін дамытып, енгізу, білім жетілдіру мәселесі әр қазақстандықтардың міндеті, өмір бойы қажеттілігі екенін алдыңғы орынға шығара отырып, ел ертеңіне негізделген жаңа бағдарламалардың да оң өзгерістерге жеткізетініне сенеміз»,- деді ол.