Жолдау еліміздің гүлденуінің жаңа кезеңінде алға қойылған мақсаттарға жұмылдырады - А. Бимендина
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Конгресс-холлда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі ақпараттық топ мүшелері халықпен кездесті, деп хабарлайды astana.kz.
Шараны ұйымдастырушы Астана қаласының әкімдігі. Кездесуге жергілікті атқарушы органның басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты А.Т. Бимендинаның айтуынша, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы еліміздің гүлденуінің жаңа кезеңінде алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша нақты құрал болып табылады. Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау Қазақстанның табысты экономикалық және саяси дамуы феноменінің негізі болды. «Қазақстандық жол-2050» - республикамыздың одан әрі дамуының және әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуінің кепілі.
Еске салайық, Астанада Мемлекет басшысының Жолдауының басты ережелерін түсіндіру бойынша кездесулер Есіл және Алматы аудандарында өткізілді