Жолдау жүктеген міндеттер: Қазақстанда «Болашақ бүгіннен басталады!» атты патриоттар акциясы басталды

 АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада «Болашақ бүгіннен басталады!» атты жастар акциясы басталды.
None
None

Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Шахмардан Баймановтың айтуынша, шара Тараз қаласында ҚР Тұңғыш Президентінің аллеясында ағаш отырғызудан бастау алмақ. Кейін мұндай акция Қызылорда қаласында өткізілмек.

«Содан кейін Павлодар және Қостанай қалаларында өнертапқыш балалардың инновациялық көрмелері ұйымдастырылады.  Мұндай ауқымды шараны бүкіл ел бойынша өткізу тек біздің ғана бастама емес, оған түкпір-түкпірден 300-ден астам қоғамдық жастар ұйымдары атсалысуда», - деп атап өтті ол.

Ш. Баймановтың айтуынша, жыл соңына дейін «Жасыл ел» қозғалысының белсенділері 10 мыңға жуық ағаш егеді, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында жеткен жетістіктерімізді паш ететін 200-ге жуық әлеуметтік маңызды шаралар өткізіледі.

Акцияға қатысушылар - жастар қозғалыстарының көшбасшыларының айтуынша, бүгінде Қазақстанда жұмыс, оқу, шығармашылық, түрлі салалардағы табыстарға жету үшін барлық жағдайлар жасалған. 

«Бізді көшбасшымыз, өз күшімізге сенімділік пен болашағымыздың жарқындығы біріктіреді. Алайда бұл мүмкіндіктер тек барлық қоғамның жасампаз белсенділігі кезінде ғана нақты іске асырылады», - дейді олар.

Жас көшбасшылардың айтуынша, әрбір қазақстандық жеткен жетістік, мейлі бизнесте, оқуда, спортта, өнерде болсын, осының барлығы еліміздің болашағы үшін қаланған кірпіштер іспетті.

«Өз болашағымыз - өз қолымызда. Ол тек нақты істермен ғана жасалады. Мәселен ғылыми ашулар, өнеркәсіпті іске қосу, ауру балаларға көмек немесе ағаш отырғызу, құрылыс отрядтарында жұмыс істеу, я болмаса «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына қатысу, спортпен шұғылдану және өнерді дамыту. Болашақ бүгіннен басталады!» - деп түйіндеді жастар белсенділері.

Сонымен қатар, акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша,  жастар  бүгінгінің батырларынан - өз еңбегімен, білімімен, мақсаткерлігімен жетістікке жеткен қазақстандықтардан үлгі алулары тиіс.

Баспасөз-мәслихатында айтылғандай, Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы жастарға патриотизм, бірлік, толеранттылық, дене және рухани даму, заңға бағынушылық сияқты қасиеттерді бойларына сіңіріп өсу қажеттігін баса көрсетті.

Соңғы жаңалықтар