Жолдау жүктеген міндеттерді Қазақстан халқының бірлігімен орындаймыз - Қ.Сұлтанов
«Жолдау еліміздің әлеуетін көтеру, халықтың мүмкіндігін мейлінше жүзеге асыру, сондай-ақ осы бағытта жасалып отырған Елбасының жылдан жылға көтеріп келе жатқан мәселелердің нақты орындалуы секілді маңызды қадамдарды қамтып отыр. Мемлекет басшысы қазір жаңа міндеттерді жүктеді. Бұл ретте біздің таяу мезгілдегі кезек күттірмейтін, яғни экономикамызға, қаржы секторына байланысты, бюджет саясаты тұрғысында және басқа да маңызды бағыттар ескерілді»,- деп тоқталды депутат. Сонымен қатар Қ.Сұлтанов биылғы Жолдауда жаңа әлеуметтік саясат қамтылғанын атап өтті. «Елбасының баса айтқаны, бұрыннан белгіленген халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға негізделген, әлеуметтік нысандардың құрылыстарын аяқтауға екпін беріледі. Атап айтқанда, әлеуметтік міндеттемелерді орындау жалғасатындығына Елбасы ерекше мән берді. Біз осы жұмыстардың барлығын халықаралық қатынастарымыздың орынықты жағдайында, ел ішіндегі халқымыздың ынтымақты жағдайында, бірлік пен татулық аясында ғана жасай аламыз. Сондықтан Қазақстан халқының бірлігімен Президенттің Жолдауына үн қоса отырып, елдің жағдайын жақсартуға барлығымыз мүдделі болып, қатысуымыз керек», - деді ол. Айта кетейік, баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Саяси жұмыс департаментінің директоры Руслан Әлішев «Нұр Отан» партиясы Қазақстанның өңірлерінде «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық насихаттау жұмысына барлық құрылымдарды тартқанын мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, бұл ретте партияның аймақтық және аумақтық филиалдары мен депутаттық корпусқа ерекше рөл жүктеліп отыр. Халыққа түсіндіру жұмыстарына партияның барлық ресурстары мен мүмкіндіктері тартылған. Ең алдымен, ол 860 мыңнан аса партия мүшелерінің басын біріктірген 5 667 бастауыш ұйымдары. «Дәл осы БПҰ арқылы халықпен кері байланыс қамтамасыз етіліп, жүргізіліп отырған реформалардың маңызы түсіндірілуде», - деді ол. Айта кетейік, баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Саяси жұмыс департаментінің директоры Руслан Әлішев «Нұр Отан» партиясы Қазақстанның өңірлерінде «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық насихаттау жұмысына барлық құрылымдар тартылғанын мәлім етті.