Жолдауда білім мен ғылым, Қазақстан халықтарының рухани дамуы басты негізге алынған - студент пікірі

АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Елбасының биылғы халыққа Жолдауында денсаулық, ғылым мен білім, тіл, қаржы, ауыл шаруашылығы, еліміздің экономикасы және тағы да басқа мәселелер қарастырылды. Осылардың ішіндегі білім мен ғылым, Қазақстан халықтарының рухани дамуы және тіл жағы басты негізге алынған.

 Жолдауда  білім мен ғылым, Қазақстан халықтарының рухани дамуы басты негізге алынған - студент пікірі

Бұл жайында ҚазҰУ-дың химия факультетінің 2-курс студенті Арайлым Тойбазарова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Студент: "Осыдан 13 жыл бұрын, яғни 1998 жылы Елбасымыз Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы -қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат-мұраты баян етілгені және сол жолды таңдай отырып, дұрыс шешім жасағанымызды айтқан. Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты», - деді.

Сондай-ақ ол білімділіктің басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталатындығына тоқтала келе, Жолдаудағы «қазір біздің тілдік дәрежеміз 70 пайызды құрайды. Егер тағы да еңбек етер болсақ, біз одан да жоғары дәрежеге қол жеткіземіз!», деген Елбасының сөзі өзін қанаттандырғанын айтады.