Жолдауда көрсетілген міндеттерді барлығымыз жұмыла іске асыруымыз керек - академик Ә.Нысанбаев
Ы. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда ҚР Білім және ғылым министрлігі комитеті философия және саясаттану институты «Қайнар» университетімен бірігіп Елбасының биылғы Жолдауында айтылған өзекті мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алқалы жиынды ҚР БҒМ комитеті философия және саясаттану институтының директоры, ҚР ҰҒА акдемигі Әбдімәлік Нысанбаев ашты. Ол биылғы Жолдауда артта қалған он жылдық жұмыстың қорытындысы мен алдағы 2020 жылға дейінгі дамудың басым бағыттары көрсетілгендігін айтып өтті. «Биылғы Жолдауды экономикалық доктрина деп айтсақ та артық болмас. Өйткені дамудың негізгі бағыттары айқын көрсетілген. Егер алға қойылған міндеттерді орындай алсақ, Қазақстан бәсекеге қабілетті, көршілес мемлекеттермен тең дәрежедегі держава бола алады. Сондықтан бұл Жолдауда көрсетілген міндеттерді барлығымыз жұмыла іске асыруымыз керек», дейді Ә.Нысанбаев.
Сондай-ақ ол Жолдауда Қазақстанның өркендеу жолында онда тұратын ұлттардың арасындағы ынтымақтастық пен татулықты сақтай отырып тұрақты дамуы маңызды екені айтылғанын жеткізді.
Шараға Алматы жоғары оқу орындарының профессорлары, оқытушылары мен студенттер қатысып, баяндамалар оқыды.