Жолдауда көтерілген бастамалар экономикада бірқатар өзекті мәселелерді шешуге бағытталған - Ә. Исекешев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында көтерілген бастамалар экономикада бірқатар өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
None
None

«Мемлекет басшысы өзінің жолдауында өсім мен даму бағытындағы жаңа моделді анықтап берді. Ол мықты жеке секторға, адами капиталға және экономиканың әртараптаныдруға бағытталған. Экономикада бірқатар өзекті мәселелер бар. Мысалы, экономикада мемлекеттік сектордың үлесі өте көп, бәсекелестіктің әлсіздігі, банкроттық процедуралардың машақаттығы, банктардағы проблемалық активтер және тағы басқа. Қазақстан Президенті ұсынған «100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарындағы институционалды және құрылымдық шешімдер жақын мерзім ішінде осы жаңа моделге көшуге оң ықпал жасайды. Жолдауда айтылған бәсекелестікті ширату, банкроттық үдерістерді жеңілдету, жеке сектордың бастамашылдығын күшейту сынды мәселелер елде қиын жағдайда тұрған компанияларға қажетті инвестициялық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, Жолдауда атап көрсетілгеніндей, Қазақстан Орталық Азияда еңбек ресурстары бойынша аймақта көшбасшы елге айналуы шарт.

«Екіншіден, бұл Жолдауда адами капиталдың дамуына өте үлкен мән берілді. Қазақстан Орталық Азияда еңбек ресурстары бойынша, әсіресе техникалық мамандықтар бойынша көшбасшы атануы тиіс. Үшіншіден, индустриалдық жобалардың барлығы әлемдік ахуалға байланысты аздап өзгереді. Негізгі басымдық инвестицияларды тартуға беріледі. Бюджеттік қаражат есебінен жобаларды жүзеге асыру толықтай тоқтатылады, қаражаттар енді жеке меншік сектордан немесе мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында тартылады», - дейді министр.

Сонымен бірге, Қазақстанда аймақтық ерекшеліктерге байланысты инвестициялық әріптестікті өңірлерде дамыту көзделген.

«Сондықтан, келесі жылға жобаларды жүзеге асыруды көздейтін бұл бағдарлама мен «Нұрлы жол» бағдарламасы өңірлерде жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын тұрақтандыруға, жаңа моделді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Меніңше, бұл Жолдау жақсы серпін береді. Мемлекет басшысы айтқандай, ол болашақ дамуға бағытталған және оның мағынасы да осында деп санаймын», - деді Ә. Исекешев.

Соңғы жаңалықтар