Жолдаудан Елбасының халқына деген жылы лебізі мен ерекше қамқорлығын сезіну қиын емес - А.Жұмағұлова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарашаның соңғы жұлдызында Елбасы халқына арнап дәстүрлі Жолдауын жолдады. Жыл сайын өзгеріп отырған жағдайларға қарай бейімделіп, дамудың жаңа бағыттарын басшылыққа алатын Жолдауға қатысты білім саласы қызметкерлері де үн қосуда. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология және әлем тілдері факультетінің доценті Жұмағұлова Арзан Жаханқызы «жолдаудан Елбасының халқына деген жылы лебіздің, ерекше қамқорлықтың, таза пейілдің лебі есетінін сезіну қиын емес» деген пікірде.
None
None

Әлемді арбаған дағдарыстың ушығып тұрғанын ескере отырып, Президент осы тығырықтан шығудың нақты жолдарын ұсынды. «Қазақ халқы өз тарихында қазіргідей жақсы жағдайда өмір сүрген емес» деген Елбасы, осы тұрмысты бағалай отырып, айрылып қалмаудың жолдарын анықтап берді. Жай қарапайым мысалдар арқылы-ақ ащы шындықтың тігісін жатқыза түсіндіре отырып, санаға сіңірді. «Қазақтың бақуатты байлары бай болуды үйрену керек», «артына қоңырау тағып шет елді шуылдатпай» қазақтың байлары байлығын ел игілігіне жұмсап, сырттағы байлығын елге әкелсін деп атап өтті Елбасы. Еліміздің экономикасындағы қаржы дағдарысына жол бермеу үшін «саны бар да, сапасы жоқ, аста төк шығындар» мен атқарған жұмысы көзге көрініп халық игілігіне еш ықпал етпейтін «майда-шүйде» компаниялардың санын азайтуды ұсынды. Барлығы шындық. «Қазақтың байлары танк секілді қорбиған машина шықса да таласып мінеді». Ащы сарказм. «Көрпеңе қарай көсіл» деген де осы болар. Қарапайым халықтың мүддесін ойлау, алыстан орағытып алдыңа әкелу деген де осы болар.

Баламыз тек әкім болып ел басқарып, банкте істеп мол ақша тауып, жылы жерде отырсын дейтін қазақ емеспіз бе? Осы бір ойды сейілту үшін Елбасы «жұмысшы - құрметті мамандық» дей отырып, жұмысшы мамандығының қоғамдағы орнын атап көрсетті және соның нақты дәлелі ретінде өзінің еңбек жолын мысал етті. Түсінген жасқа бұл да нақты бағыт. Халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуды да Президент естен шығармады. 2016 жылдан бастап қоғамның әр саласындағы қызметкерлерге, оқытушыларға, дәрігерлерге қосылатын жалақы мөлшері де халықтың көңіліне сенім ұялатты. 2017 жылдан бастап ақысыз техникалық білім беруді қолға алу керек екендігін де қадап айтты.

Президент өз Жолдауында халқына салмақты ой тастап, дәлелді тұжырым жасай отырып, нақты бағыт ұсынып отырды. Жолдау мазмұнында ешбір науқаншылдық байқалмайды. Жайлап айтып, ақылға шақыру басым. «Әй, ағайын, алды - артыңды бағдарла, асып-төкпе, елден қалма, өз жағдайыңды адалынан өзің жаса, артылса ағайынға қарайлас» дегенге саяды Елбасының ойы. Осының өзінен халқына деген жылы лебіздің, ерекше қамқорлықтың, таза пейілдің лебі есетінін сезіну қиын емес.

Сонымен қатар, Президент жолдауда бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек екенін жақсы түсіндіріп берді. Шынында да, осы құндылықтарымыз мықты болса, кез-келген асудан өте аламыз. Білім саласына қатысты айтылған тағы бір қуантарлық жағдай 2017 жылдан бастан кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі тегін жүргізілетіні көңілімізге ұнады. Бұл жоғары оқу орындарына қабылданбай қалған түлектер үшін тиімді жол. Сонымен қатар халқымыздың әлеуметтік жаңдайын жақсарту үшін 2016 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақының 30% дейін өсетіні қуантарлық жайт. Елбасы Жолдауында нақты мәселелерге нақты шешімдер қойылғандықтан, жоспардың жүзеге асатындығына сенімдіміз. Біз, әрбір қазақстандық, тығырықтан шығар жолға өз үлесімізді қоса отырып, Елбасының алдымызға қойған жоспарын игереміз деген ойдамыз.

Соңғы жаңалықтар