Жолды су шайып кеткен: Батыс Қазақстанда бір ауыл қатынассыз қалды

БҚО
Фото: БҚО ТЖД

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында жолды қар суы шайып кеткендіктен бір ауыл қатынассыз қалды. 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 25 наурыз күні сағат 23.00-де Теректі ауданы аумағында Шалқар ауылдық округі орталығы Сарыөмір ауылынан 7 шақырым жерде болды. 

БҚО
Фото: БҚО ТЖД

Қардың көп еруінен аудандық маңызы бар Сарыөмір-Дуана автожолының 2 ойпатты учаскесін су шайып кеткен. Осыған байланысты көлік қозғалысы тоқтатылды. Дуана ауылымен көлік байланысы жоқ.

«Елді мекендерге қауіп жоқ. Өңірде тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ. Тәулігіне 33 604 текше метр қар суы сорылды. Оған 519 адам жұмылдырылып, 199 техника, 87 мотопомпа тартылды. Облыс бойынша қауіпті тұстарға барлығы 2 840 дана қап салынса, соның 2 мыңы Орал қаласы, 500-і Қаратөбе, 300-і Сырым, 40-ы Теректі ауданының үлесіне тиеді», - деп хабарлады ведомстводан. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында қар суы екі жолды шайып кеткенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Оралда ауласын су басқаны жөнінде тұрғындардан 600-ге жуық өтініш түскен.

Соңғы жаңалықтар