11:53, 09 Қараша 2017 | GMT +5
Жолдың белгіленбеген жерінен өтпек болған азаматты көлік қағып кетті
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы-Өскемен тасжолының 54-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. 43 жастағы ер адамды көлік қағып, жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, мерт болған азамат жолдың белгіленбеген жерінен өтпек болған. Ал көлікті 1987 жылғы азамат тізгіндегені анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабына сәйкес тергеу жалғасуда. Заречный ауылы маңында болған оқиға барысында көліктегі жолаушы да зардап шеккен. Оған алғашқы медицаналық қызмет көрсетіліпті.