Еріген қар суы жолға жайылған Мақаншы ауданында үйлерге су кірмеді

су тасқыны
Фото: ТЖМ

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысы Мақаншы ауданында жолға жайылған қызыл судың үйлерге кіруіне жол берілмеді.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Мақаншы ауданының Бақты ауылында жергілікті атқарушы органдардың күшімен су тасқынына қарсы шаралар жүргізілуде. 

«Атап айтқанда, жағалау бойымен 400 тоннаға жуық инертті материал, 300-ден астам ыдыс-қап төселді. Жағдай қиындап кетсе жедел әрекет ету үшін Абай облысының ТЖД жеке құрамынан 12 адам, 7 техника (жүзу құралдары мен мотопомпалар) сақадай сай тұр» делінген ақпаратта. 

Оқиға орнында жергілікті атқарушы органнан 40-тан астам адам және 18 техника тартылды. 

«Сондай-ақ 70-ке жуық ауыл тұрғыны көмек көрсетуде. Тұрғын үйлерді су басқан жоқ. Жағдай бақылауда» деді ведомстводан. 

Соңғы жаңалықтар
telegram