Жолға жүгіріп шыққан үш жасар қызды машина қағып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербор қаласының Пушкин ауданында көлік үш жасар қызды қағып кетті.
Петербор мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүлдіршіннің қасында ересек адамдар болған. Ол кенеттен жолға жүгіріп шығып, машина доңғалағының астына түсті. Орташа деңгейде жарақаттанған сәби ауруханаға жатқызылды.